Кеше Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан 5 адамның отбасыларына жергілікті билік өкілдері 1 миллион теңгеден өтемақы беретін болды. Бұл туралы бүгін апат орнына барған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
Сондай-ақ, қайтыс болғандардың туыстарына қазіргі таңда психологиялық көмек те көрсетілуде.
Естеріңізге салайық, кеше кешкі сағат бестер шамасында Үшаралдан Талдықорған қаласына бет алған санавиацияның тікұшағы құлап, оның салонында болған 5 адамның барлығы қайтыс болды. Арасында 2 айлық сәби де бар. Дәрігерлер науқас баланы анасымен бірге облыс орталығындағы ауруханаға жеткізбек болған екен.