$ 443.35  475.54  4.82

Маңғыстаулық құтқарушылар темір жол апатының салдарымен күресіп жатыр

Бүгін сағат 17:10-да Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Сайөтес» станцияларының аралығындағы №6 разъезде «Алматы-Маңғышлақ» жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысқан болатын. Қазіргі таңда "ҚТЖ" АҚ мен Маңғыстау облыстық ТЖД мамандары оқиғаның салдарымен күресіп, аталған бөліктегі жол қозғалысын қалыпқа келтірді.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, аталған темір жол апатынан зардап шеккен жолаушылар жоқ. 

"Жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оларға жылы киімдер әлі де болса әкелініп жатыр. Жағдайды жергілікті билік өкілдері толықтай өз бақылауына алған. «Алматы-Маңғышлақ» пойызы қалыпқа келтіріліп, өз бағыты бойынша қайта жолға шықты. Оқиға болғаннан кейін өрт сөндіру құрамы да жеткізілді. Ал, 7 разъездегі «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы пойыз жолға шығуға дайын" дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов.

Айта кетейік, жолаушылар пойызы сығындалған газ тасымалдайтын цистерналармен соқтығысқан болатын. Жүк пойызының машинисті оқиға орнында көз жұмып, оның көмекшісі ауыр жараланған. Абырой болғанда, өрт шыққан жоқ. Оқиға орнына ТЖД-ның 50 маманы келіп, 40 тонналық цистерналардан ұшқын шықпауын қамтамасыз еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары