$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде тұмаудан болған екінші өлім жағдайы зертханалық түрде дәлелденді

Қарағанды қаласының 33 жасар тұрғыны плевриттің асқынуынан болған екі жақты пневмонияның ауыр ағымы салдарынан қайтыс болды. Пневмонияны анықтау мақсатында жасалған зертханалық зерттеу барысында маусымдық тұмаудың А (Н3N2) штамы анықталды деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

20 қаңтар күні ол дене қызуы көтеріліп, өзін өзі нашар сезінгеннен соң жедел медициналық көмек бригадасын шақырады. Дәрігерлер ауруханаға апарғысы келгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартады. Оған дәрілік тағайындау жасалып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беріледі. 21 қаңтарда ол Қарағандыдағы №4 емханаға жүгінеді. Сырқаттанған адам ауыр жағдайына байланысты №1 ауруханаға жатқызылады. Оған медициналық көмек көрсету мақсатында Астана қаласының республикалық орталықтарындағы ең үздік мамандар шақырылады. Қарқынды түрде жүргізілген емге қарамастан, 25 қаңтарда ол қайтыс болады.

Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық маусымда өзге жылдардағыдай тұмаудың бірнеше А (Н3N2), (Н1N1) штамдары, түрі анықталмаған (штамды анықтау жұмыстары жүргізілуде), сонымен қатар В вирусты тұмау да бар.

С начала года в круглосуточные стационары республики с диагнозом «Грипп» было госпитализировано 300 человек, с ОРВИ - 16 тыс. 108.  По состоянию на 3 февраля от гриппа пролечено 249 пациентов, от ОРВИ – 12 тыс. 137. В настоящее время в больницах лечение получают 51 человек с диагнозом «Грипп». Их состояние оценивается как стабильное и находится под контролем Министерства здравоохранения и социального развития РК.

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 300, ЖРВИ-мен 16 мың 108  адам жатқызылды. 3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 249, ЖРВИ-дан 12 мың 137 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 51 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды.

Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканың барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеңде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Жедел медициналық көмектің қосымша бригадалары құрылып, емханаларда қосымша телефон желілері ұйымдастырылды. ҚР ДСӘДМ мамандары аурудың деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында 1 млн. 700 мың адам, оның ішінде жалпы республика тұрғындарының 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

ҚР ДСӘДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға – бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудың бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау – жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеңес береді.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) тұмаудың 745 зертханалық дәлелденген жағдайы мен 322 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген. Жалпы алғанда, елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану ұйғарынды көрсеткіштен асқан жоқ, сонымен қатар, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен болып отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада А (Н1N1) тұмауынан болған пневмониядан 1 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары