$ 444.22  476.38  4.82

Қарағанды облысында ата-ана салғырттығынан 7 айлық сәби шетінеп кетті

7 айлық қыз бала Жезқазған қаласында шетінеп кеткен. Ол көрпешенің астында қалып қойып, тұншығып қайтыс болған деп жазады Tengrinews.kz.

Қазіргі таңда ішкі ісер органдары аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Яғни, баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға салғырт қарағаны үшін оның туыстары жазалануы мүмкін.

Айта кету керек, жыл басталғалы бері сәбиін қасақана өлтіретіндердің саны күрт артып кетті. Сондай жағдайлардың бірі осы Қарағандыда орын алған болатын. Ол кезде 9 айлық сәбиді анасы далада қалдырып, салдарынан нәресте жаурап қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары