$ 444.22  476.38  4.82

Биыл СҚО-да түскен қалың қар бірнеше ауылды су астында қалдыруы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысын биылғы көктемде су шайып кету қаупі басым. Қалың жауған қар тез ерісе өңірдегі Сергеевка су қоймасындағы су көлемі 3,5 млрд текше жетуі мүмкін деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда облыстағы жағдай бірқалыпты. Дегенмен, түскен қардың орташа мөлшері 40 сантиметрді құрап, жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда артып отыр. Ал, синоптиктер наурыз айында өңірде күннің күрт жылынатынын болжауда. Мамандардың айтуынша, қыс айлары бітісімен-ақ ауа температурасы +5 градус нөлден жоғары болады. Мұндай жағдайда қар тез еріп, елдімекендерді су шайып кетуі ықтимал.

Осыған орай кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, тиісті сала мамандарына жағдайды бақылаудан шығарып алмауын тапсырды. Өңір басшысының айтуынша, тасқынды алдын алу жұмыстарының негізгі жоспары белгіленген. Тек сол жоспарды уақытылы жүзеге асыру қажет.

«Жоспар бойынша атқарылатын жұмыстардың мерзімі және оған жауаптылар бекітілді. Аудан және қала әкімдері, құзырлы басқарма басшылары осы жоспардағы іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс» деді Е.Сұлтанов.

Аталған жоспар аясында Корнеевка ауылындағы 3 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге қазірден бастап көшірілетін болды.

Облыс әкімі сондай-ақ, өңірдегі автожолдарға да алаңдайтынын білдірді. Әсіресе, республикалық маңыздағы жаңа Петропавл-Астана тас жолын су шайып кету қаупі басым. Осындай келеңсіз жайт орын алмас үшін Ерік Сұлтанов ТЖД мамандарына қазірден бастап алдын алу жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары