$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордалық мемқызметкерлер параны жанармай талонымен алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қызылорда бойынша департаментінің мамандары Ревизиялық комиссияның бас мамандары - мемлекеттік аудиторлар Б.Баймаханов пен Р.Қуанбаевты пара алып жатқан жерінен ұстады.

Қос мемлекеттік қызметкер өзара сөз байласу арқылы Білім басқармасына қарасты Жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталығы өкілдерінен 550 мың теңге көлемінде және 200 литр бензинге талонды пара ретінде алған. Осылайша олар аталған мекемеге жүргізілетін жоспарлы тексерудің қорытындысына оң баға беруге уәде еткен көрінеді. Қазіргі таңда ұсталған азаматтар Қызылорда қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары