$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облыстық ІІД қызмттік көліктерін жууға 14 млн теңге бөлді

Бұған дейін жергілікті БАҚ өкілдері маңғыстаулық полицейлер қызметтік көліктерін жуғызу үшін өз қалталарынан шығындалып жүр деп мәселе көтерген болатын.

Тілшілердің бұлайша мәселе көтеруіне Ақтау тұрғынының прокуратураға жазған арызы себеп болған еді. Ақтаулық әйел өз шағымында ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерін өз ақшаларына жуып жүр деп көрсеткен. Ал, мұндай шығындарды облыстық ішкі істер департаменті өзі төлеуі керек дейді ол. Сондай-ақ, арыз иесі көлігін таза ұстамаған тәртіп сақшысына басшылары тарапынан түрлі тәртіптік шаралардың көрілетінін де айтып өткен.

Арыздың жазылуы сол-ақ екен Маңғыстау облыстық ІІД Мемлекеттік сатып алулар порталына хабарлама іліп, қызметтік көліктерді жуумен айналысатын ұйымның қажет екенін көрсеткен. Бұл жұмыстар үшін департамент 14 миллион теңге қарастырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары