$ 449.58  486.94  4.86

Жаңа Білім министрі жастық шағында орыстілді ортада тәрбиеленгенін айтты

Күні кеше ҚР Білім және ғылым министрлігінің тізгінін Ерлан Сағадиевтің ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Жаңа министр 2013 жылы TEDxAlmaty форумында тіл мәселесіне ерекше тоқталып, жастардың қай тілді меңгеруі тиіс екенін мәлімдеген болатын. Үштілділік принципін қолдайтынын жеткізген ол өзінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендігін де сол жиында мақтана айтқан.

"Ата-аналар баласын мектепке беретін кезде таңдау жасай алмай қиналып жатады, яғни қандай тілде білім беру керектігіне басын қатырып. Мен айтар едім, таңдау жасайтын кезде ең алдымен деректерге, цифрларға, трендке мән беру керек" дейді Е.Сағадиев.

Ол өзінің 7 жасқа дейін ауылда өскенін, мұнан кейін 7-22 жас аралығында таза орыстілді ортада тәрбиеленгенін және тағы 8 жыл АҚШ-та ағылшынтілділермен бірге болғандығын да осы форум барысында атап өтті.

Бүгінгі жаңа министр сол кездің өзінде-ақ ҚР БҒМ алдына қойған мақсаттарын ең алдымен өзі түсініп алу керектігін және елімізде ағылшын тіліне ерекше мән беру керектігіне тоқталған. Ол қазіргі жастарға керекті әдебиеттердің басым бөлігі ағылшын тілінде шығып жатқанын мысалға келтірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары