Астанада айуандықпен өлтрілген медуниверситет студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған 4 адамның есімдері белгілі болды.
Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының шешімімен күдіктілер Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев, Нұрбек Әжімбай және Аян Мейірбаев сотқа дейінгі тергеу амалдары біткенше 2 айға қамауға алынды. Оларға топ болып алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтірді деген айып тағылуда. Бұл жайында аудандық соттың ресми сайтында хабарланған.
Естеріңізге салайық, Ерасыл Әубәкіровтің өлі денесін полицейлер өткен аптада Астана іргесінен тапқан болатын. Қылмыскерлер оны азаптап өлтіріп, қарға көміп кеткен.