$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда курстасын өлтірген студент сотта марқұмның өзін айыптады

Алматыда курстасын пышақтап өлтірген студент ісіне қатысты жаңа мәліметтер айтылды. Істі болып жатқан Тілек Текішев қаза тапқан жігітке қорғану мақсатында пышақ сілтегенін айтты деп жазады KTK. Күдіктінің сөзінше, марқұм Самұрат Жақсылықов оны әжетханаға апарып, таяқтың астына алған. Бет-жүзім қанға боялған соң амалсыз пышағын шығардым дейді айыпталушы.

Алғашқы сот отырысында айыпталушы жігіт ақталуымен болды. Тілек Текішев өзіне Самұраттың күш көрсеткенін айтады. Өзі оқитын Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасында емтиханға дайындалып отырғанда, курстасы Жақсылықов келіп орнын босатуды талап етіпті. Онысына келіспеген соң, әжетханаға алып шығып, бас-көз демей жұдырықтың астына алған. «Қорғанам» деп қалтасындағы пышағын сілтегенде қарсыласының күре тамырын қиып жіберді дейді айыпталушы жігіт. Ал, ұлының өліміне әлі сене алмай жүрген әкесі айыпталушының осынау сөздерінен кейін көзіне жас алып, марқұмның әруағына тіл тигізбеуді талап етті.

Тұңғышбай Жақсылықов, марқұм С.Жақсылықовтың әкесі:

- Оның қандай жақсы бала екенін ауылдағы мұғалімдері де, достары да, бәрі біледі. Ешкіммен шатағы жоқ, шыбынды да өлтірмейтін момын еді. Қысқы емтиханын тапсырып болып, ауылға келейін деп отырған.

Өмірмен ерте қоштасқан Самұрат үш баланың кенжесі екен. Биыл университет бітірейін деп отырған жылы болатын. Жәбірленуші тарап енді соңғы сөзді соттың ырқына салып отыр.

Әзірге тараптар дәйектерін келтіріп жатыр. Бір аптадан кейін келесі сот отырысы өтпек. Егер Тілек Текішев айыпты деп танылса, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары