$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда әуе компанияның лауазымды тұлғалары котрабандамен айналысқан

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Атырау қаласы халықаралық әуежайы аймағында «Бейбарыс авиакомпаниясы» АҚ-ның лауазымды тұлғалары тарапынан жасалған «экономикалық контрабанда» жайтының жолы кесілді.

Былтыр 19 сәуірде әуе жүк лайнерін тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген «Бейбарыс авиакомпаниясы» АҚ-на тиесілі әлемнің белгілі брендтерінің парфюмериялық тауарлары («LANKOME», «OPIUM»,«Armani» және т. б.) - 8 537 дана, сонымен қатар, бір рет пайдаланылатын қасық, шанышқылар (13 200 дана) және жастанғыштар (26 400 дана) салынған жәшіктер табылған.

Алдын ала тергеу барысында жоғарыда аталған тұлғалар кінәсінің бұлтартпас дәлелдері жинақталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен «Бейбарыс авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының 2 лауазымды тұлғасы ҚР ҚК 234 бабының 2 бөлігінің 4, 5 тармақтары бойынша айыпты деп табылып, әрқайсысына 500 АЕК (991 000 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды.

50 485 783 теңгеге бағаланған заттық айғақтар үкімет пайдасына тәркіленді. Қазіргі уақытта сот үкімі өз күшіне енді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары