$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде жүкті әйел мен жеткіншекті зорлаған такси жүргізушісіне үкім шықты

15 жастағы жеткіншек қыз бен жүкті әйелді зорлап, өлтірмекші болған ақтөбелік тұрғынды сот 16 жылға бас бостандығынан айырды деп жазады "Диапазон".

Алғашқы оқиға былтыр 22 қыркүйекте орын алған болатын. 15 жастағы оқушы қыз Нокин ауылындағы әпкесіне барып, қайта қалаға келу үшін таксимен келіскен. Ауылдан қайтар жолда "Опель" жүргізушісі есікті іштен құлыптап, қызды айдалаға апарып зорлапты. Азғын жасөспірімді қорқытып, арыз жазған жағдайда өлтіретінін де айтқан және сол жерге тастап кеткен. Есін әзер жиған қыз адасып, қалаға әзер жетіпті.

Ал, 9 қазан күні дәл осы такси жүргізушісі 22 жастағы жүкті әйелді қаланың бір басынан екінші басына апарып тастамақ болып, жол бойы тағы да ойы бұзылады. Жолсерігін келіскен жерге емес, қаланың сыртына алып шығып кеткен ол әйелді зорлап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін қылқындырып өлтірмек болған. Есін жоғалтқан келіншекті көрген азғын оны өлді деп ойлап, сол жерге тастап кетіпті. Абырой болғанда, жәбірленуші аман қалып, қалаға ол да өз аяғымен жеткен.

Қос жәбірленуші де дереу полицияға арыз жазыпты. Арыздарында олар қылмыскердің қызыл түсті "Опель Вектра" көлігімен жүргенін көрсеткен. Қаладағы дәл осындай маркалы барлық көліктерді тексерген тәртіп сақшылары 37 жастағы Виктор Тригубаның ізіне түсті. Тергеу жүргізіліп, жәбірленушілер оны біден таныған. Дегенмен, күдікті өз кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Полицейлер болса оған екі адамды зорлап, бірін өлтірмек болды деп айып тақты.

Виктор Тригубаны айыпты деп тапқан судья Әжіғалиева оны 16 жыл бас бостандығынан айырды. Өзіне оқылған үкімді естігенде айыпты жылап жіберген. Оның анасы да ұлының мұндай азғындыққа барғанына сенбейді.

– Менің ұлым кінәлі емес. 22 қыркүйек күні мен онымен бірге болдым. Біз Бадамшадағы молаға бірге бардық, кешкі тоғыздар шамасында қайта үйге оралды. Бізді көрген куәгерлер бар. Барлығын да тергеушілер сұрап шықты. Ал, 9 қазан күні балам келінмен балық аулауға барды. Полицейлер қаладағы қанық қызыл түсті Опельдерді іздеп Виктордың көлігіне неліктен тоқтағандарын білмеймін, оның көлігінің түсі құжатта күлгін деп көрсетілген. Полицейлер оған полиция бөлімшесінде ұрығын тапсыруға мәжбүрлеген. Жәбір көргендердің бірі азғынның мойнында алқа бар еді дейді. Ал, менің ұлым ешқашан мойнына алқа таққан емес, – дейді айыпты Тригубаның анасы Вера Андреевна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары