$ 498.34  519.72  4.85

Бурылда қайтыс болған сәбидің отбасы түріктер берген үйді алудан бас тартты

Жамбыл облысының Бурыл ауылында айуандықпен өлтірілген 6 жасар сәбидің отбасы түрік диаспорасы берген үйді алудан бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жайында журналистермен кездескен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеген.

Естеріңізде болса, қайғылы оқиға орын алғаннан кейін облыстағы түрік диаспорасының өкілдері қазалы үйден кешірім сұрап келіп, жаназаға кететін шығындардың барлығын көтеретінін айтқан болатын. Сонымен қатар, сәбиді өлтірген Д.Кавазоглының отбасы тұрған үйді де қосып берген. Алайда, әкімнің орынбасары хабарлағандай, жәбірленуші тарап аталған баспананы алудан бас тартыпты. 

"Баланың ата-анасы үйден бас тартты. Оларды жалпы, ешкім үйді ал деп міндеттеген жоқ, алу-алмауы өз еріктерінде. Бірақ, мен өзім куә болдым, ақсақалдар барлық шығындарды өз мойындарына алып, үйді қоса алуды ұсынған болатын" деді Манжуов.

Ол сондай-ақ, Кавазоглы отбасының оқиға болған күні ауылдан көшіп кеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Д.Кавазоглы қамауға алынып, полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол 15 ақпан күні көршісінің үйіне ұрлыққа түсіп, үйде жалғыз қалған 6 жасар сәбиді 11 жерінен пышақтап, бауыздап өлтірді деп айыпталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары