21.02.2016, 06:52

ОҚО-да 6 жасар сәби із-түссіз жоғалып кетті

Баласының жоғалғандығын айтып полицейлерге 20 ақпан күні сағат 14:30 шамасында Ордабасы ауданының 31 жастағы тұрғыны арызданып келген. Әйелдің айтуынша, бірінші сынып оқушысы мектептен шығып, үйіне келмепті.

6 жасар Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлы Ордабасы ауданы Амангелді ауылындағы Серпіліс көшесінде тұрып келген. Ол Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің бірінші сынып оқушысы. 2016 жылдың 20 ақпанында шамамен сағат 12:30-да мектептен шығып, сол күйі үйіне оралмаған.

Ордабасы аудандық ІІБ аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125 бабына сәйкес (Адам ұрлығы) іс қозғады.

Куәгерлер оқушы баланы мектептен шыққан бойы жасы 50-55 шамасындағы қазақ әйелдің алып кеткендігін айтып отыр. Денелі, тапал бойлы әйелдің үстінде қара түсті былғарыдан тігілген куртка, басында қоңыр тоқылған бас киім болған. 

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары іздеу шараларын күшейті.