$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да жоғалған сәбиді іздеуге еріктілер де атсалысуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жоғалып кеткен 6 жасар сәбиді іздеуге еріктілер де атсалысып жатыр. Отыздан астам адам Темірлан елдімекенінің орталық көшелеріне шығып, Мұхаммед Қамшыбектің суреті бейнеленген парақшаларды жабыстыруда.

Сонымен қатар, іздеуші топ автобус жолаушылары мен жаяу жүргіншілерге барып, баланы көрген-көрмегендігін сұрауда. Олар болған жайтты баяндап, тұрғындарға барынша сақ болуды ескертіп жүр.

Жоғалған оқушының суреті сондай-ақ, автобустарға, Шымкент, Түркістан және бірнеше ауыл көшелеріндегі бағандарға, аялдамаларға жабыстырылған. 

Естеріңізге салайық, алты жастағы Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпан күні жоғалып кеткен болатын. Ол күндіз мектептен үйіне қарай шығып, сол күйі оралмаған. Куәгерлердің айтуынша, баланы жасы 50-55 шамасындағы қазақ әйел мектептен ертіп әкетіпті. Оларды ең соңғы рет такси жүргізушісі көрген. Екеуі Амангелді ауылынан аудан орталығы Темірланға дейін барған екен. Осы куәгердің суреттеуімен баланы ұрлаған күдіктінің фотороботы жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары