$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте ірі жол көлік оқиғасы орын алды

Шымкентте ірі жол көлік оқиғасынан 32 жастағы әйел қайтыс болды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Оқиға 25 ақпан күні 21:00 шамасында Ілияев пен Диваев көшелерінің қиылысында орын алған.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары «Volkswagen Golf» пен «Range Rover» маркалы көліктерінің соғысқанын анықтады. Вольксвагенді 1989 жылы туған қыз бала, екінші көлікті 1993 жылы туған Шымкент тұрғыны басқарған. Жедел жәрдем дәрігерлері оны жансақтау бөліміне жеткізді. Ал, 32 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы аясында іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары