04.03.2016, 09:33

Елбасымен кездесуге келген әйелдер көңілдері босап, жылап қайтты (ВИДЕО)

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қауымымен кездесіп, оларды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Осынау жиын барысында Елбасының ана мен бала махаббаты туралы айтқан аңыз әңгімесі басқосуға келгендердің барлығын еріксіз жылатты.

Жас жігіттің ерке сұлуға өлердей ғашық болып, оған қол жеткізу үшін анасының кеудесінен жүрегін жұлып алғандығы туралы аңыз-әңгімені  қыз-келіншектер ұйып тыңдады. Тіпті, хикаяның соңына қарай барлығының көңілдері босап, көздеріне жас алды.

Айта кетейік, аталған жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  директоры Р.Боранбаева, «Қазақ оюлары» ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, «Деловой мир Астана» ЖШС директоры, бас редакторы  Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, «Астана Опера» театрының солисі Ж.Ғабдуллина, «Астана Балет» театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы «Жастар бастамасы орталығының» басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.