$ 446.49  475.38  4.79

Алматы зообағындағы қар барыстарының өлімін прокуратура зерттеуге кірісті

Соңғы 8 жылда Алматыдағы зообақта 6 қар барысының өліп қалғандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Тұқымы құрудың сәл алдында тұрған жыртқыштардың өміріне салғырттық танытуы мүмкін деген күдікпен бүгін Алматы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасы осы жайтты зерттеуге кірісті.

Айта кетейік, хайуанаттар бағына Жапония, Франция, Қырғызстан және Польшадан түрлі уақыттарда әкелінген ілбістер бірінен соң бірі ауырып, өкпе қабынуынан қырылып қалған болатын. Зообақ басшылары олардың кеселге шалдығуына мекендеген қоршаулары дұрыс жерде орналаспағандықтан деп жауап берген еді.

- Қар барыстарын ұстауға арналған орын сәтсіз таңдалған. Біріншіден, бұл жер өзенге жақын, яғни үнемі дымқыл болып тұрады. Екіншіден, ағаштардың көптігінен үнемі көлеңке, күн түспейді. Оның үстіне, жыртқыштар жатқан қоршауды күнделікті залалсыздандырып отыру мүмкін емес, - деді Алматы зообағы директорының орынбасары Ағыбай Әжібай.

Маманның айтуынша, қар барыстарына қоршауды бұрыңғы басшылар салдыртқан. Қандай да бір жауапкершілікті де солар арқалауы тиіс дейді ол. Ал, қазіргі таңда зообақта ілбістер жоқ. Жаңа қоршауды салынып біткен соң әкелу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары