$ 449.58  486.94  4.86

Елбасының хикаясына жылаған әйелдер әлеуметтік желіде күлкіге айналды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға әйелдер қауымын жинап, төл мерекелерімен құттықтаған болатын. Осы жиын барысында Елбасы ана мен бала арасындағы махаббатты баяндайтын аянышты хикая айтып беріп, қыз-келіншектердің біразын жылатқан еді.

Алайда, әлеуметтік желі пайдаланушылары көз жасына ерік беріп, егілгендерді симулянт деп мазаққа айналдырып отыр. Өйткені, Назарбаевтың айтқан аңыз-әңгімесін тоқсаныншы жылдары Жанар Айжанова әніне қосса, осыдан он шақты жыл бұрын Бақытжан Мұстафаев есімді жас әнші осынау оқиға желісінде бейнеклип түсірген болатын. 

Ал, аңыздың өзі италиялықтарға тиесілі. Онда Роми мен Виола есімді ғашықтардың махаббаты баяндалған. Хикая соңында Роми ғашығының көңілін табу үшін өз анасын өлтіріп, жүрегін алады.

Бұл көркем шығарманы кейінірек орыстың жазушысы Василий Шукшин өз тіліне аударған. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басында хикая қазақтар арасында да кеңінен таралған еді. Сондықтан Елбасының аузынан оны алғаш рет естігендей болып, әйелдердің егіліп жылауы симуляция дейді бірқатар интернет пайдаланушылары.

Айта кетейік, аталған жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  директоры Р.Боранбаева, «Қазақ оюлары» ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, «Деловой мир Астана» ЖШС директоры, бас редакторы  Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, «Астана Опера» театрының солисі Ж.Ғабдуллина, «Астана Балет» театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы «Жастар бастамасы орталығының» басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары