$ 498.34  519.72  4.85

Атыраудағы әйелдер колониясындағы сотталушыларға сый-құрмет жасалды

PENAL REFORM INTERNATIONAL (PRI) Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігінің қызметкерлері «Қазақстандағы балалар мен әйелдерге арналған түзеу мекемелеріндегі медициналық және әлеуметтік қызметті күшейту» жобасының аясында Атырау қаласындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бірқатар сыйлықтар жасады.

Қазіргі таңда еліміздегі 6 әйелдер колониясында 3014 әйел жазаларын өтеп жатыр. Атыраудағы колонияда 252 әйел бар. Мейрам қарсаңында еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз колонияда релаксация бөлмесі, сән бөлмесі мен спортпен және иогамен айналысу залы ашылды. Аталған бөлмелердің қыз-келіншектер үшін маңызы зор екені анық. PRI ұйымының зерттеу мәліметінше сотталған әйелдердің жартысынан көбі осындай психологиялық көмекке зәру.

Сән бөлмесі эстетикалық сұлулықты сақтап қана қоймай, мұндағы әйелдер қауымына шаштараз мамандығын игеріп, жазасын өтеп шыққан соң, жұмысқа тұруларына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл күні әйелдер отрядының арасында сурет сайысы ұйымдастырылып, комиссия жеңімпаздарға сыйлықтарды табыс етеді. Туған-туыстарымен кездесу ұйымдастырылды.

Мейрам күні колониядағы қыз-келіншектерге фотосессия жасалды. Себебі сотталған әйелдердің туыстарымен байланысы хат арқылы жүзеге асып, суреттері үйлеріне жіберілетін болады.

Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігінің мәліметінше 2013-2014 жылдары әлем бойынша сотталғандардың 2-9 пайызын әйелдер құрайды. Ер адамдарға қарастырылған колонияларда қыз-келіншектерге қажетті жағдайлар қарастырылмаған. ҚР ІІМ ҚАЖК дерегінше жыл басында 2975 әйел жазасын өтеп, өткен жылға қарағанда 400 адамға азайған.

Penal Reform International Халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің аймақтық директоры Азамат Шамбилов: - «Зерттеу барысында белгілі болғандай сотталған әйелдердің көбісі бірінші рет қылмыс жасаған. Жасы 30 дейінгілер 20%, 30-50 арасындағылардың үлес салмағы 59% құраса, сотталған бес әйелдің біреуінің жасы 50-ден асқан. PRI жобасы балалары кәмелетке жасқа толмай тұрып, сотталған әйелдерге қолдау көрсетеді. Оларға арнап мұнда ойын алаңдары мен балаларымен кездесу бөлмесі қарастырылған. Ең басты айта кететін жайт – әйелдер колониясында БҰҰ Халықаралық талаптарына сай (Бангкок Ережесі) арнайы оқудан өткен әйелдер қызмет етеді. Аталған іс-шаралар жазасын өтеп жатқан нәзік жандыларды қоғам қажет екендіктерін бір сәтте естерінен шығармай, әлеуметтік тұрғыдан қолдау тауып, қоғамымызға қайта оралуларына сеп болары сөзсіз» деп өз пікірін білдірді.

Аталған жоба ҚР Әділет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы, қазіргі кезде ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаевтың қолдауымен жүзеге асуда. Ол – демеуші, меценат емес, тек қылмыстық-атқару жүйесіндегі балалар мен әйелдердің қажеттілігін баспасөз беттерінде көтеріп, осы бағытта жүйелі реформаның жүзеге асуына мүдделі. Халықаралық тәжірбиеге сүйенсек, әділ сот алдына келетін сотталушылардың ішіндегі ең осал тобы – әйелдер мен кәмелет жасына толмаған балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары