$ 446.49  475.38  4.79

Сайлау ұйымдастырушыларына көңілі толмаған үміткер өзін өртемек болды

Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында 17 наурыз күні орын алған. Облыстағы мәслихаттардың біріне үміткер азамат сайлау комиссиясының отырысына кіріп келіп, үстіне жанғыш сұйықтықты құйып жіберген. Бұл жайында бүгін баспасөз мәжілісін өткізген ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдаәлет Сүйіндіков мәлімдеді.

"Сайлау процесі кезінде сайлау комиссиясының қызметіне кедергі келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеудің реестріне бір дерек тіркелді. Оқиға ОҚО-да болды, сайлау процесі әлі де жүріп жатқандықтан мән-жайды, аты-жөнін атай алмаймын. Бірақ мәслихат депутаттығына үміттілердің бірі сайлау комиссиясының отырысына баса-көктеп кіріп, үстіне белгісіз сұйықтықты құйып, өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, сонымен қатар, комиссия мүшелерін қорқытып, комиссия отырысының жұмысына кедергі келтірді", - деді Сүйіндіков.

Тәртіп сақшылары кандидаттың суицид жасауына жол бермепті. Сайлау нәтижелері жария болғаннан соң оның аты-жөні де жариялануы тиіс. Қазіргі таңда аталған үміткерге сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары