Қоғам 19.03.2016 сағат 19:40

Маржан Сұлтанбай бұрынғы қазақтардың надан болғанын айтты

Уақытында танымал тележүргізуші болған, кейін күйеуге шығып, журналистика саласынан қол үзген Маржан Сұлтанбайдың пікірінше, бұрынғы қазақтар бізбен салыстырғанда надан болған. Baistars порталындағы блог-жазбасында ол қазақтың тым ырымшыл екенін айта келе, көптеген ырым-сенімнің мүлдем ақылға қонымсыз екенін мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маржанның айтуынша, бұрынғының үлкендеріне "не үшін?" деген сұрақ қойсаң міндетті түрде "жаман болады" деген жауап қайтаратын болған. "Ал, қазіргінің балаларына олай қысқа қайыра алмайсың, өйткені не үшін жаман болатынын өзіміз де білмейміз" дейді тележурналист.

Оның пікірінше, әлемдегі ең ырымшыл халық орыстар көрінеді. Алайда, қазақтар да көршілерінен қалыспай, тіпті орыстардың біраз ырым-сенімін өздеріне сіңіріп алған деп ойын айтты М.Сұлтанбай. 

Осылайша, ақылға қонымсыз ырымдарды тізбектеген журналист сөз арасында бұрынғы қазақтардың надан болғанын айтып өтті.

"Жарайды, бұрын оқу-тоқу болмаған кезде адамдар жан-жануарларға қарап, табиғат құбылыстарын бақылап ауа-райын болжап отырған,т.с.с. Өйткені, ол кезде тіпті мүмкіндік болмады: ғылым дамымаған, халық – надан. Ал, бүгінгі қоғам «супер сауатты» Тіпті үйде отырған «домохозяйкаң» да кез-келген саясаткермен сөз таластыра алады – Google-дың арқасында. Үш жастағы балаң да айфон-айпадтарыңды ақтарып, шашып тастайды" дейді Маржан бұрынғы мен қазіргі қазақты салыстыра келе.

Жалпы, аталған блог-жазбада М.Сұлтанбай қалыңдықтың тойдағы гүл лақтыруы, жолды қара мысықтың кесуі, 13-ші күннің жұмаға сәйкес келуі, бойжеткен қыздың үстел бұрышына отырмауы, мысықтілеу және үйдегі гүлдерге қатысты кеңінен таралған наным-сенімдерге тоқталып өткен. Яғни, олардың қазақы болмысқа жат екенін айтып отыр.

"Ырым - бұл адамның өзін жəне өзгелерді алдауы деген тұжырым жасадым. Егер жақсылыққа жорамалдайтын болса, əрине, сене берсін. Əркімнің өз қалауы ғой. Есіме түскен,ойымда жүрген бірнеше ырымды мысалға келтіріп, өз пікірімді білдірдім. Келіспеулеріңіз мүмкін. Сіздер де пікірлеріңізді жазыңыздар! Өмірде неше түрлі қызықтар болып жатады: ырымның күші ме, əлде жай ғана сəйкестік пе?.." дейді журналист өз жазбасында.

Ол сондай-ақ, осы жазбасына үздік комментарий жазған оқырмандарын марапаттауға да уәде берді. Блог-жазбаның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын "Шіркін-life" тележобасын жүргізіп танымал болған Маржан Сұлтанбай аталған бағдарламаның бірінде шашын тақырлап алып, көпшіліктің есінде қалған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар