$ 443.85  474.3  4.8

Шымкенттіктерге Қайрат Нұртастың концертінен артық қандай сыйлық болуы мүмкін?

Шымкенттіктер үшін Қайрат Нұртастың концертінен артық сыйлық бар, ол – Қайрат Нұртастың тегін концерті! Ұлыстың ұлы күні ОҚО басшылары облыс орталығындағы алаңдардың біріне танымал әншіні шақырып, халық үшін тегін концерт ұйымдастырды.

Шымкенттіктер үшін бұл әрине, тосын сый болды. Концерттері аншлагсыз өтпейтін әншінің қала ортасына келіп, тыңдармандарына ән айтып, олармен суретке түсуі расымен де мерекеге жасалған үлкен сый еді.

Бұл күні Наурыз алаңына жиналған халықтың қарасы өте көп болды. Қайратты көргісі келгендер концерт алаңын жауып тұрған темір қоршауларды бұзып өтіп, әншіге тап берді. Тек полицейлер көмекке келгеннен кейін ғана концерт жалғасты. Десе де ән алаңына кішкентай балалар мен бойжеткендер шығып, Қайратпен билеп, онымен суретке түсіп жатты.

Қ.Нұртас барлығы 6 ән айтып, мұнан соң ақ лимузинмен алаңды тастап кете барды. Ал, оның тыңдармандары болса алған әсерлерімен бөлісіп, әнші орындаған әндерді біразға дейін қайталап айтып жүрді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары