$ 444.14  477.05  4.85

ОҚО-да ер азамат немересін құтқарып, өзі суға батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ер азамат суға кеткен немересені құтқарамын деп өзі батып кетті деп жазады Оtyrar.kz.

Оқиға 21 наурыз күні орын алған. Кішкентай қыз есекпен Келес өзенінің жағасындағы жар үстімен келе жатып, суға қарай ауып кеткен. Мұны көрген 64 жастағы атасы дереу суға түсіп, немересін құтқарып қала алды. Дегенмен, өзі жағаға аман-есен шыға алған жоқ.

Құтқарушылардың айтуынша, өзен астында ұйықтар көп. Сондай-ақ, балдырлар да бар. Таңертең судағы температура +2, күндіз +4 градус нөлден жоғары болады. Судың салқын болуы салдарынан ер азаматтың аяқ сіңірлері тартылып қалған болуы мүмкін.

Марқұмның денесін іздеу бірнеше күнге созылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары