$ 480.55  533.75  5.36

Әйгілі Top Gear бағдарламасының көлігі Түркістанға жеткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысына ұлыбританиялық BBC телеарнасының әйгілі TOP GEAR бағдарламасына тиесілі көлік жеткізілді. Арнайы жабдықталған, жол талғамайтын Mercedes автокөлігі еліміздің оңтүстігіндегі жолсыз аймақтарымен жүріп өтпек.

Түсірілім тобына тиесілі көліктің арнайы техникамен Түркістанға жеткізілгенін әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады, суретін жүктеп, видеоматериалдарымен бөлісіп жатты. Еске сала кетейік, TOP GEAR бағдарламасының Оңтүстікке келетіні жайлы Шымкент қаласының әкімі наурыз айының бас кезінде мәлімдеген еді.

Top Gear - автокөліктерге арналған британдық танымал тележоба. Бағдарламаның ең бірінші түсірілімі 1977 жыы жүргізілген. Алғашында тележурнал ретінде жарық көрген жоба 2002 жылдан бері форматын түбегейлі өзгерткен. Бағдарламаны әлемнің 350 миллион тұрғыны көреді.
ФОТО: Otyrar.kz.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары