$ 443.44  480.51  4.88

Төреғали Төреәлі мен "Орда" тобының арасындағы текетірес жалғасын табуы мүмкін (ФОТО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі мен "Орда" тобының арасындағы жанжал жалғасын табуы мүмкін деп жазады Nur.kz порталы. Аталған дау Төреғалидың топ жігіттерін қыздарша киініп-боянды деп сынауынан кейін пайда болған еді.

Төреғали Төреәлі бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде ер жігіттер өздерін жігітше ұстауы тиіс деп "Орда" әншілерін мұқатқан болатын. Араға бірнеше күн салып айтыскер-ақын Ринат Зайытов та Төреғалиды қолдайтынын жеткізді. Ол "Орда" әншісі Ерболат Беделхан мен оның құрған "Ninety One" тобын жерден алып, жерге салды. Мұнан кейін топ әншілерінің жыныстық бағытын анықтау керек дейтіндер де қаптап кетті.

Ал, Ерболаттың өзі болса ақталып, жаға жыртыспайтынын білдіргендей. Ол ұрыс-керіске бармай, жауабын интернет арқылы жеткізуді жөн көріпті.

"Мына суретті Ринат пен Төреғалиге жіберіңдерші. Мүйіздерімді көрсін. Ал, ана бір қауымдар, розаның мағынасын түсіндіріп берсін. Бәлкім, мен жерді жаулап алушы Қызыл Гүлділердің өкілімін" деді Е.Беделхан төмендегідей суреті арқылы.

Естеріңізге салайық, "Ninety One" тобының сатанизм мен масондықты жасырын насихаттауы мүмкін екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Десе де, бозбалалардан құралған топтың тыңдармандарының саны күн санап артып келеді. Фанаттардың басым бөлігі мектеп жасындағы жеткіншектер мен студенттер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары