$ 441.66  475.14  4.86

"Нұр Отанға" тілін шығарған қызды партия өкілдерінің өзі жұбата бастады

Жуырда Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының жеңімпаздар форумында Елбасы Н.Назарбаевтың артында тұрып, тілін шығарған бойжеткен Инна Мальцева партияның орталық аппаратына шақырылды. Бұл жайында Қазақ агротехникалық университетінің студенті өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Бұған дейін отандық БАҚ өкілдерінің бәрі бойжеткеннің осынау оғаш қылығын жарыса жазған болатын. Бірі айыптаса, өзгелері ақтауға тырысып жатты. Иннаның өзі болса тілшілерге сұхбат беріп, ешкімді ренжіту ойында болмағанын, тілін байқаусызда шығарғанын айтып ақталған еді. Ал, кеше "Нұр Отан" партиясының өкілдері оны Астанадағы бас кеңсеге шақырып, жұбаты айтыпты.

"Ешкімге түсініктеме берген жоқпын. Олар мені ешқандай жайтқа алаңдамауымды, ешкімнің ренжімегенін айтты" дейді И.Мальцева өз жазбасында.

Айта кетейік, 20 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өткен болатын. Саяси додада әдеттегідей "Нұр Отан" партиясының мерейі үстем болып, 82 пайыздан астам дауыс жинады. Мұнан кейін Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде Мемлекет басшысының қатысуымен партияның жеңімпаздар форумы өтті. Бір айта кетерлігі, аталған форумға "Нұр Отан" сайлау өтпестен бұрын дайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары