$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттік тұрғын әйеліне ренжіп, өзін өртемек болды

Оқиға кеше кешкі уақытта орын алған. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде бөлмесіне бекініп алған ер азамат алдымен отбасын үйінен қуып шығып, артынша өзін өртемек болған деп хабалайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына полицейлермен бірге ТЖД мамандары және жедел жәрдем станциясы келіп жетті. Пәтерін іштен құлыптап алған ер азамат 5 литрлік ыдысқа жанармай құйып, өзін пәтерімен қоса өртеп жіберетінін айтқан. 2 сағатқа созылған келіссөздер нәтижесін бермегеннен кейін мамандар аталған пәтердің есігін бұзып ашып, ер азаматты залалсыздандырды. Ұстау операциясы кезінде ол тәртіп сақшыларының бірін өртеп жібермек болған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат отбасы мүшелерімен жиі ұрысып, ақыры өзіне қол салмақ болған екен. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары