30.03.2016, 05:33

Қазақстандықтар мамырда 12 күн демалады

Биыл мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Әдеттегі 8 күндік демалыстан бөлек қосымша мерекелік 4 күн бар. Олар: Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні.

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні биыл аптаның соңғы күніне түскендіктен ол жексенбіден дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни, 1-2 мамыр демалыс күндері болып бекітілген.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні сенбіге түскендіктен демалыс 10 мамырға ауыстырылды. Ал, 9 мамыр - Жеңіс күні. Демек, 7, 8, 9, 10 мамыр күндері қазақстандықтар демалады. 

Айта кетейік, наурыз айында да Қазақстан халқы мерекелерге байланысты 12 күн демалған болатын.