$ 498.34  519.72  4.85

Алматы зообағында "Қызыл кітапқа" енген тағы бір жыртқыш өлуі мүмкін

Алматы зообағында ұрғашы жолбарыс ауруға шалдықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жыртқыш аң төрт айдан бері сырқаттанып жатыр.

Құралай атты жолбарыс 2010 жылы туылған. 24 мамыр айында ол 6 жасқа толды. Жыртқыштың кеселі бұған дейін қырылып қалған қар барыстарының ауруы секілді, яғни өкпесі қабынған. "Вирусқа қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 12 ветеринар бірнеше рет бас қосып, жолбарыстың денсаулығын зерттедік, талқыладық. Көмекке тартуға болатын мамандардың барлығын тартып жатырмыз" дейді зообақ директоры Қанат Кәрімов. Оның айтуынша, қазіргі таңда хайуанаттар бағындағы барлық мысық тұқымдастардан қан алынып, сараптама жасалып жатыр.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматыдағы зообақта алты жыл ішінде 6 қар барысы өліп қалған болатын. Барлығына да пневмония (өкпе қабынуы) деген диагноз қойылды. Тексере келе хайуанаттар бағындағы ілбістер мекендейтін қоршау күн түспейтін жерде орналасқаны анықталған. Оның үстіне бұл жер жыл 12 ай ылғалды болып жатады. Аурудың тууы суықтан деп отыр мамандар. Қар барыстары Орта Азия тауларын мекендейтін, жабайы табиғатта өте сирек кездесетін жыртқыш болғандықтан осынау жайтқа прокурорлар да араласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары