$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан жер астындағы алтын кенішін ресейлік компанияға сатып жіберді

Ресейлік Polymetal International plc компаниясы "Казцинк" ЖШС-мен келісімге келіп, 100 миллион долларға Қазақстандағы Комаровский алтын кенішін сатып алды. Бұл туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған.

"Polymetal International plc компаниясы "Казцинк" ЖШС-мен, Glencore plc еншілес кәсіпорнымен заңды келісімшартқа отырды. Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Комаровский алтын кенішін игеруге лицензиясы бар "Орион Минералс" ЖШС сатып алынды" делінген аталған хабарламада.

Polymetal International plc компаниясы сайтында хабарланғандай, Комаровский кеніші еліміздің солтүстік-шығысындағы Жітіқара қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Лицензиялы жердің жалпы аумағы 104 шаршы метр. 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес, аталған кеніште 28 миллион тонна кен бар, әр кенде 1,5 грамм алтын бар. Бұл 280 метр тереңдікке дейінгі мәліметтер. Жердің одан арғы қабаты әлі зерттелмеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары