$ 448.15  483.46  4.86

Астана халқының саны 17,5 мыңға артты

Жыл басынан бері Елорда халқының саны 17 560 артты. Халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон ағыны 9432 құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Статистика департаменті мәліметі бойынша, қала халқының саны ішкі (9004 адам) және сыртқы (428 адам) көші-қонның есебінен артып отыр. Бұл ретте қалаға негізінен Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан қоныс аударады.

«Шетелдік азаматтарға тоқталсақ, Астанаға тұрақты тұру үшін Өзбекстан мен Қытай азаматтары жиі келеді. Екінші орында Қырғызстан және Монғолия, содан кейін Түркия, Ресей және Әзербайжан елдері. Ал Түркменстан, Украина және Тәжікстаннан келетіндер саны аз. Астанаға келгендердің басым бөлігі жұмысқа орналасуды немесе жеке ісін ашуды көздейді, басқалары білім алу және т.б. себептермен келеді», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары