Петропавлға жақын орналасқан Сергеев су қоймасындағы судың көлемі соңғы бірер күнде күрт көтеріліп кетті деп хабарлайды Informburo. Дамбадан асып шыққан тасқын қазір Петропавл қаласына қарай беттеген.
"Бүгінгі таңда платина ернеуінен асқан су деңгейі 180 сантиметрді құрап отыр және су келуін тоқтатар емес. Петропавлдық саяжай иелеріне ескертілді, тасқынға дайындалу керектігі. Біздің болжамымызша, Заречный елдімекенінің қаламен байланысы үзілуі мүмкін" дейді құзырлы сала мамандары.
Сергеевкадан Петропавлге дейін 170 шақырым жер. Ал, қызыл су бұл қашықтықты небәрі санаулы күнде ғана шайып өтеді. Бүгінде "Қазақ су шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің СҚО бойынша филиалының өкілдері қауіптің расымен де үлкен екенін мойындап отыр.
Олардың айтуынша, платинаның өзіне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның су өткізу мүмкіндігі 7600 текше метрді құрайды. Ал, қазір минутына шамамен 1000 текше метр су өтіп жатыр.
Естеріңізге салайық, еріген қар суы мен тасыған өзен Солтүстік Қазақстан облысының оға жуық ауылын шайып кеткен болатын. Әсіресе, Тайынша ауданындағы елдімекендер зардап шекті.