Актер, қазақ кинематографиясы ақсақалдарының бірі Нұржұман Ықтымбаев танымал француз актеры Жерар Депардье мен өзге де шетелдік қонақтарға бата беремін деп, ақ тілегінің соңын тостқа айналдырып жіберді. Осынау сәт бейнеленген видеоролик әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің талқылауына түсуде.
Дастархан қайырып, ақ батасын берген Ықтымбаев бет сипардың алдында "сол үшін алып қояйық" деп анық айтады. Бәлкім қазақша түсінбегендіктен болар, дастархан басында отырған өзге қонақтар қарт-актердың бұл сөзіне мән берген жоқ.
Айта кетейік, Нұржұман Ықтымбаев 1941 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылында дүниеге келген. Ол "Атаманның ақыры", "Көксерек", "Шоқ пен Шер", "Адамдар арасындағы бөлтірік", "Аллажар", "Сталинге сыйлық", "Балалық шағымның аспаны" сынды ондаған фильмде басты рольдерді сомдаған.