$ 439.43  473.31  4.82

Баласын дәретханаға тастаған жамбылдық әйел 1,5 жылға сотталды

Жамбыл облысының 21 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастап жібергені үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Тұрар Рысқұлов аудандық сотына сілтеме жасап.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы "Қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу" бойынша айыпты деп танылып, сот оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын ол жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады" дейді аудандық соттың судьясы Ғазиз Аманбаев. Үкім оқылып біткен соң айыпты әйелдің қолына кісен салынып, конвойлар оны арнайы көлікпен абақтыға алып кетті. Ал, әйелді аналық құқынан айыру мәселесі өзге сот отырысында қаралатын болады.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысындағы трассаның бойында орналасқан қоғамдық дәретхананың шұңқырынан жаңа туған нәресте табылған болатын. Сәбиді сол маңайға келген жолаушылардың бірі байқап қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар мен дәрігерлер баланы аман алып қала алды. Ол қазір балалар үйінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары