$ 443.37  474.49  4.83

Бекболат Тілеухан Ninety One әншілерін қызтекеліктен сақтануға шақырды (ВИДЕО)

Ерекше сырт келбетімен есте қалған Ninety One тобының жас әншілерін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан да қатаң сынға алды. Бұл туралы stan.kz порталы хабарлап отыр.

Естеріңізге салайық, әнші Ерболат Беделхан құрған осынау топтағы жігіттердің қыздарша киініп, қыздарша боянғаны көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Айтыскер-ақын Ринат Зайытов та телеарналардың біріне берген сұхбатында Ninety One әншілерін көрсе құсқысы келетінін айтқан еді. Содан бері бірнеше ай өтсе де қос тарап әліге дейін бір-бірін күндеп келеді.

Енді белгілі саясаткер Бекболат Тілеухан да Ринаттың жағына шығып, жас жігіттерге жігіттік қасиеттерін сақтап қалуға кеңес берді. Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта әлемде гомосексуализмді насихаттау қызу қарқын алған. Бұл көрініс біздің елде де белең алғаны жасырын емес. Ал, оған қарсы тұратын жалғыз иммунитет - ұлтымыздың дәстүрі дейді Б.Тілеухан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары