$ 498.34  519.72  4.85

Ақылы жол онсыз да тұрмысы төмен қызылордалықтар үшін ауыр соққы болмақ - М.Әбенов

Еліміздегі ең алғашқы ақылы жол жүейсі Астана мен Бурабай арасындағы трассада іске қосылған болатын. Енді бұл тәжірибені отандық мамандар Қазақстанның өзге де облыстарында жүзеге асырмақ. Атап айтар болсақ, 2022 жылға дейін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», Астана-Атбасар, Алматы-Қапшағай, Павлодар - Ресей шекарасы аралығындағы тас жолдар ақылы болады. Ал, олардан түсетін қаржы 41 миллиард долларды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдеп отыр.

Мәжілістің бұрынғы депутаты, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов болса ақылы жол тұрмысы төмен Сыр халқы үшін кәдімгідей ауыр соққы болатынын айтуда. Онсыз да экологияның зардабын тартып келе жатқан қызылордалықтарға жол жүру үшін ақша төлету жығылғанға жұдырық болады дейді ол.

«Ең айлығы төмен азаматтар Сыр елінде тұрады, экологиясы нашар - Арал тұзы, Байқоңыр гептилы, "Атомпром" радиациясы, шаң-тозаң ... Ішетін сулары - у, шөп шықпайды, ағаштары құраған... Өсімдік шықпайды, амал жоқ тамақтың 90% Оңтүстік Қазақстаннан әкеліп тұтынады! Енді жол ақылы болса тамақ қымбатамай қайтеді? Есептегендер бар ма? Бурабаймен салыстыруға келмейді ғой. Астанада демалысқа баратын адаммен Арал экологиялық апат аймақтан тамағын арқалаған адамдардын жағдайы әртүрлі» дейді Мұрат Әбенов өзінің Фэйсбук-парақшасында.

«ҚазАвтоЖол» өкілдерінің айтуынша, 2016 жылы Астана — Атбасар және Қызылорда — Шымкент арасындағы тас жолдар ақылы болады. Осылайша, Қазақстандағы барлық ақылы жолдардың ұзындығы биыл 800 шақырымды құрамақ.

Айта кетейік, 2015 жылы ақылы Астана-Щучинск тас жолынан мемлекет қазынасына 1,142 млрд теңге пайда түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары