$ 498.34  519.72  4.85

Парламент депутаттар ішсін деп 11 мың шөлмек арақ-шарапқа тапсырыс беріпті

Қазақстан Парламентінің депутаттары заңдарды спирттік ішімдік ішіп талқылап, мас күйінде отырып қабылдайды ма? Әрине, жоқ! Мұндай ақылға қонымсыз сұрақты қоюдың өзі артық. Алайда, осы Парламенттің шаруашылық басқармасы соңғы кезде ақылға қонбайтын әрекетттерімен жұртты таң қалдырудан жалықпай келеді.

Бүгін "ҚР Парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы" алкогольді өнімдер нарығын зерттеп, спирттік ішімдіктер сатумен айналысатын компанияларға өздерімен байланысуды сұрады. Бұл туралы informburo.kz порталы мәлімдеп отыр. Республикалық мемлекеттік мекеме 11 мың шөлмек виски, коньяк және арақ сатып алуды жоспарлап отырған көрінеді. Алайда, ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын көрсетпеген.

Айта кетейік, Парламенттің шаруашылық бөлімі бұған дейін Мәжіліске жаңа сайланған депутаттарды Астанадағы 5 жұлдызды қонақ үйге орналастырамын деп басы дауда қалған болатын. Кейін депутаттарға арналған қызметтік пәтерлердің жиһаздарын жаңартамын деп тағы да жұртшылықтың наразылығын тудырды. Ал, бұдан біраз уақыт бұрын астаналық тігіншілердің бірі осы депутаттардың үйіне 25 миллион теңгеге перде тігіп беріп, Парламенттен ақшасын ала алмай жүргенін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары