$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО бас имамы 2,5 мың сәләфитке уағыз айтып, 205-ін тура жолға салғанын айтты

Мүфтияттың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек бастаған молдалар тобы сәләфилік және «Таблиғи жамағат» діни ағымдарына өтіп кеткен 2 450 азаматпен кездесіп, олардың 205-ін тура жолға салғанын мәлімдеді. Кеше Шымкенттегі Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен облыстың бас имамы қажылыққа қалай дайындалып жатқандығын да айтты.

А.Керімбектің айтуынша, имам-молдалар «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында барлығы 2 432 кездесу өткізіп, 97 280 адамға уағыз айтқан екен. Нәтижесінде, теріс ағымда жүрген жүздеген облыс тұрғыны ханафи мазхабына қайта оралыпты. Сондай-ақ, ол қажылыққа ниет еткен азаматтарды алдын ала «Қажылық» курстарынан өткізу жұмыстарының қолға алынып жатқанын да мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл күзде ұйымдастырылатын қажылық сапарға Қазақстаннан 3 мыңдай мұсылман барады деп жопарлануда. Енді олар бұрынғыдай шетелдік әуе компаниялары ақылы емес, отандық тасымалдаушылардың ұшақтрымен тіке Сауд Арабиясына дейін ұшып бармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары