$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 7 жасар қыз бен оның 56 жастағы туыс әпкесі жоғалып кетті

56 жастағы әйел 17 сәуір күні кешкі сағат 18:30 шамасында туысының 7 жастағы қызын алып, нөсерлі жауынға қарамастан тауға серуендеуге шықпақ болған көрінеді. Алайда, сол кеткеннен қайта оралмаған.

Оқиға Түлкібас ауданында орын алған. Жоғалғандардың осындағы Дәубаба тауына қарай шығып кеткені белгілі. Полицияға кішкентай қыздың туыстары шағымданыпты. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, екі күннен бері еш нәтижесіз.

Әшіркүл Баймұратова, 1960 жылы туған. Шымкент қаласының тұрғыны. Бойы 165-170 см. Арық денелі, шашы қысқа қара түсті. Үстінде тоқылған қара жилет, жасыл жейде, қара шалбар және аяғында кроссовка болған.

Инабат Әңкәрбек Нұрқатанқызы, 2009 жылы туған. Түлкібас ауданының тұрғыны. Бойы 120 см. Арық денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстінде қызыл куртка, қызыл жемпір, қара шалбар және ақ түсті спорттық аяқ киім болған.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстарына полицейлермен бірге ерікті азаматтар және қызметтік иттер қосылды. Сондай-ақ, 18 техника жұмылдырылған. Жоғалғандарды барлығы 400-дей адам іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары