$ 498.34  519.72  4.85

Астанадағы "жасыл белдеудің" жартысын қояндар жеп қойған

Жабайы қояндар Астана билігіне айтарлықтай қолайсыздықтар тудыруда. Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсенбаевтың айтуынша, қояндар қала маңына егілген жеміс ағаштарын кеміріп тастапты. Бұл туралы "NewTimes.kz" порталы мәлімдеп отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, "қомағай" жануарлардың тым көбейіп кетуі салдарынан оларға қарсы аңшылық ұйымдастырылады екен. Маманның айтуынша, қояндар жеміс ағаштарының діңгегіне дейін кеміріп тастайтын көрінеді. "Табиғатта тепе-теңдік сақталуы үшін жануарлардың санын реттеп отырамыз" дейді Әділбек Сәрсенбаев.

"Астана орманы" ЖШС-ның бас агрономы Ардақ Хасеновтың айтуынша, "жасыл белдеуге" жануарлар мен құстар әу баста қолдан жіберілмеген. Олар осы аймақты мекен еткен жабайы аң-құс. Мамандар тек қырғауылдарды ғана өсіреді екен.

"Жан-жануарлар қатарын арттыру үшін біз 2010 жылдан бері қырғауылдар өсіреміз. Биыл 1000 құсты жасыл белдеуге жібердік. Соңғы алты жылда барлығы 6283 қырғауыл алып келдік. Олардың 5883-ін жабайы табиғатқа жіберіп отырмыз" дейді Ардақ Хасенов.

Бүгінде Астана маңындағы "жасыл белдеу" 70 мың гектар жерді алып жатыр. 2020 жылға дейін оның аумағын 100 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары