$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да мүгедектерден ақша жинап келген ірі шенеунік қолға түсті

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментін басқарып келген Бейбіт Сыздықовқа облыстағы мүгедектерден қаржы жинап келген деген айып тағылды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының мамандары 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған.

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Сыздықов аудандық бөлім басшыларымен сөз байласып, еңбекке жарамсыз, мүгедек жандардан мүгедектікке тіркеу үшін немесе оның мерзімін ұзартып беру үшін ақша жинаудың жүйесін құрған" делінген аталған хабарламада.

Құқық қорғаушылар ұстайтын сәтте Сыздықов мүгедек жаннан 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан. Бұл қаражат үшін ол мүгедектіктің мерзімін ұзартып бермек болыпты. Қазіргі таңда шенеунік қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары