$ 498.34  519.72  4.85

Кәрім Мәсімов кілем жинаумен айналысқан ба?

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық музейіне өз коллекциясындағы 88 кілемді сыйға тартқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді деп жазады informburo.kz.

Министрдің айтуынша, елдегі меценаттар мәдениет саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді екен. Олардың қатарында аса жоғары шенді шенеуніктер де бар.

"Иә, бізде жеке тұлғалардың қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан жобалар бар. Ұлттық музейде осы азаматтардың есебінен алынған бірнеше экспозиция тұр. Мәселен, өз коллекциясынан музейге бірнеше экспонат берген Нұрлан Смағұловты ерекше атап өте аламын. Сондай-ақ, Кәрім Қажымқанұлы да 88 кілем сыйға тартқан. Кілемдерден бөлек өзге де құнды жәдігерлер бар. Иманғали Тасмиағамбетов те өз қорынан бірнеше экспонат сыйлады" деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Сенат депутаттарының алдында жасаған мәлімдемесінде.

Министрдің айтуынша, елде биліктегілердің мүлдем назарынан тыс қалып кеткен мәдени нысандар да көп екен. Яғни, оларды ұстап тұруға бюджеттен қаржы қаралмаған. Ал, бұл проблеманы шешу үшін Мұхамедиұлы депутаттарға үміт артатынын жеткізді.

Ал, Мәсімовтің 88 кілемді қалай жинап жүргені депутаттардың ешқайсысын қызықтырған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары