$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаевқа сес көрсеткен қазақ лаңкестерінің кім екені анықталды

Жуырда Интернет желісінде "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының сапында соғысып жүрген қазақтың Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған видеожолдауы жарық көрген болатын. Онда содырлар Елбасыға сес көрсетіп, Қазақстан жерінде де терракт жасалатынын мәлімдеген еді. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік қызметі аталған лаңкестің кім екенін анықтап, оларға халықаралық іздеу жариялады.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Сирия мен Ирак жерінде "Ислам мемлекетінің" сапында соғысып жүрген қазақстандықтардың саны 200 адамнан асады. Бұл туралы informburo.kz порталы мәлімдеді. Олардың көпшілігі Таяу Шығысқа отбасыларымен бірге барған. Өздерінің айтуынша, кішкентай балалары қазір "ислами" ілім алып жатқан көрінеді.

"2016 жылдың наурызында Интернетте жарияланған видеороликтегі қазақ азаматының кім екені белгілі. Бірінші сөйлегені ҚР азаматы Мәуленов Марат Амангелдіұлы, 1971 жылы туған, ОҚО тумасы. Сириядағы ДАИШ лагеріне 2015 жылдың тамыз айында әйелімен және 6 баласымен барған. Екінші сөйлегені Ресей азаматы Жұмабеков Ринат Қадыржанұлы, 1981 жылы туған, ол да ДАИШ сапында соғысып жүр" делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Құқық қорғаушылар сондай-ақ, осы бейнероликтегі екі кішкентай баланың кімдер екенін де анықтап отыр. Олар: Мәуленовтың ұлдары Нұрдәулет Амангелді (1993 ж.т.) мен Әли Амангелді (2010 ж.т.)

Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, Таяу Шығыста соғысып жүрген қазақстандықтар елге оралған жағдайда олар дереу ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары