$ 445.66  474.58  4.78

Астана қалалық Әділет департаментінің басшысы парамен ұсталды

Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының астаналық өкілдері қаладағы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарып келген А.Рақышевты пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қаржы полицейлерінің айтуынша, шенеунік жеке кәсіпкерлердің бірінен 8 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Бұл қаражатқа ол нотариалды қызмет көрсетуге берілетін лицензияны алып беруге уәде беріпті. Сондай-ақ, Рақышевтың осы Әділет департаментіндегі бөлім басшысы М.Құсайыновпен және қалалық нотариалды палата төрағасы Ж.Арыстановпен сөз байласқаны белгілі болып отыр.

Қазіргі таңда департамент басшысының міндетін атқарып келген А.Рақышев қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары