$ 498.34  519.72  4.85

Жамбылда 5 жасар баланы өлтірген Кавазоғлыға сот үкімі шықты

Жамбыл облысында 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталған 18 жастағы жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады Tengrinews.kz. Айта кетейік, қылмыстық іс кезінде ол 17 жаста болатын. Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге беру туралы қаулы шығарды.

Бүгін сот Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты іске байланысты шешім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, жігіт балаға 11 жерден пышақ тыққан. Тергеу мәліметінше, 18 жастағы жігіт кішкентай баланы өлтірген үйге ұрлыққа түскен.

Еске салайық, 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған болатын. Денеден зорлық белгілері анықталды.

Күдікті 16 ақпанда ұсталды. Кейін ол өз кінәсін мойындады. Жергілікті түрік қоғамдастығы қауымының ақсақалдары қайғылы оқиғаға байланысты баланың отбасынан кешірім сұрады.

Сонымен қатар, олар қылмыскердің үйін жәбірленуші тарапқа беруді шешкен болатын. Дегенмен қайтыс болған бүлдіршіннің ата-анасы оны алудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары