$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан билігі мен кәсіпкерлері бірігіп, жекеменшік түрме салуды қолға алды

Мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында еліміздің 5 облысында жекеменшік түрмелер салынаты бұған дейін хабарланған болатын. Солардың алғашқысын шымкенттік кәсіпкерлер қолға алып жатыр.

Бүгінгі таңда аталған бес өңірдің барлығында да жекеменшік абақтылар үшін жер учаскелері бөлініп қойылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады деп жазады 31kz. Ең алғашқы инвестициялық негізде салынатын түрменің құрылысын шымкенттік кәсіпкерлер жүргізетін болады.

Құзырлы сала мамандары түрме құрылысына қанша ақша жұмсалатынын айтпай отыр. Белгілісі, Шымкенттегі түзеу мекемесінің жобасы дайын, жақында құрылысы басталады. Ол 1500 орынға лайықталған. Түрме түрлі режимді болады. Ал, қалған өңірлердегі жекеменшік абақтылардың құрылысы 2017 жылдан басталмақ.

Мейрам Аюбаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

- Солтүстік Қазақстанда да жекеменшік түрме салу қолға алынды. Жалпы бес облыста түрлі режимдегі түрмелер салынады. Қазір сол өңірлерде жер учаскелері бөлініп, жұмыс басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары