$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде өткен үш тәулікте 2160 қылмыстың беті ашылды

Өткен үш тәулікте еліміздің барлық өңірінде құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың бетін ашу мақсатында рейдтік шаралар өткізілді. Атқарылған жұмыстардың барысында 2160 қылмыстың беті ашылды деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Аталған қылмыстардың 583-і бұрынырақ жасалған. Олардың қатарында 2 - кісі өлтіру, 2 - қарақшылық және 43 тонау фактілері бар. Рейд барысында іздеуде жүрген 140 күдікті ұсталып, ұрланған 25 көлік табылды. Сонымен қатар, 61 есірткі сақтау дерегі анықталып, заңсыз айналымда жүрген 68 қару-жарақ тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ, осы үш тәулік ішінде 47 мың ұсақ заңсыздықтар да тіркелген. Олардың қатарында бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, көлікті мас күйде жүргізу және жылдамдықты шамадан тыс асыру, қоқыс тастау, түкіру сынды тәртіп бұзушылықтар бар.

Шара барысында полицейлер адамдар көп жиналатын орындарға да тексеру жүргізді. Солардың бірінде төбелес үстінен түскен. Атап айтқанда, Қарағандыдағы Arista мейрамханасына келушілер арасында жаппай төбелес болып, 14 адам ұсталды. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан пышақ пен травматикалық тапанша тәркілеп, тәртіп бұзғандар үстінен қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары