$ 439.43  473.31  4.82

Қарағандыдағы ең қымбат пәтер 110,6 млн теңге тұрады

Қарағанды қаласындағы ең қымбат пәтердің бағасы 110,6 миллион теңге немесе 338 мың АҚШ доллары тұрады. Яғни, пәтердің бір шаршы метрі 470 745 теңге. Бұл туралы Homsters.kz компаниясының сарапшылары әзірлеген қарағандылық пәтерлер рестингінде көрсетілген.

Қазақстанның шахтерлар астанасындағы ең қымбат пәтер Кривогуз көшесіндегі тоғыз қабатты үйде орналасқан. Кіреберісінде консьерж жұмыс істейді, тәулік бойы видеобақылаумен жабдықталған. Бес бөлмеден тұратын үйдің жалпы аумағы – 235 шаршы метр. Пәтерде барлық қажетті жиһаз бар (хабарландыруда жиһаз бен сантехниканың, сондай-ақ әрлеу материалдарының Италиядан әкелінгендігі туралы айтылады). Үш жуыну-дәрет алу бөлмесінде және асүйде «жылы еден» қарастырылған. Сонымен қатар сатып алушыларға үш лоджия мен паркингтегі көлік қоюға арналған бөлек орын да ұсынылады.

Бағасы жағынан рейтингтегі екінші орынға Ержанов көшесіндегі элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтер ие. Жалпы аумағы 208 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі үй ақтық жөндеуді қажет етеді. Пәтер энергиясақтау технологияларын («ақылды» терезелер, ұңғымадан шығатын су, телеметриялық IT-жүйесі бар автономды жылыту жүйесі) пайдалана отырып салынған. Бағасы – 90,9 млн теңге ($278 мың). Бір шаршы метрінің құны – 437 163 теңге ($1336).

Рейтингтегі үшінші орынға Төлепов көшесінің бойындағы тағы да бір төрт бөлмелі пәтер орналасты. Толықтай жиһазбен қамтамасыз етілген, екі жуыну-дәрет алу бөлмесі бар. Жалпы аумағы – 136 шаршы метр. Бағасы – 86,3 млн теңге ($264 мың). Бір шаршы метрінің құны – 634 191 теңге ($1939). 

«Қарағанды – халық саны жағынан Қазақстандағы төртінші қала. Осыған қарамастан қайталама тұрғын үй нарығындағы қарағандылық пәтерлердің бағасы өзінен ірі Шымкентке қарағанда сәл қымбатырақ. Біз мұны жергілікті нарықтағы ұсыныс санының салыстырмалы түрде аз болуымен, сәйкесінше Қарағандыдағы тұрғын үйге деген сұраныстың жоғары екендігімен байланыстырамыз», - деп атап өтті Homsters.kz сату жөніндегі директоры Катерина Ладыженская.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары