$ 447.4  477.55  4.76

Астанадағы карантин: бас санитар дәрігердің қаулысы шықты

Маска кию, қашықтық ұстау және антисептиктерді пайдалану секілді талаптар қатаң сақталады.
фото: kursiv.kz
фото: kursiv.kz

Елордада карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

Құжат тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

"Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейін төмендету және оның  қала тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылғы 17 тамыздан бастап шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуді бастау", - делінген қаулыда.

Астана тұрғындары келесі талаптарды сақтауды жалғастыруы тиіс:

ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, жиналыстарды, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу;

спорттық жаттығуларды тек ашық ауада жеке тәртіппен және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топтарда ғана өткізу;

бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда,табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуғатыйым салу;

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу;
аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру;

қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маскалар кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары